Қазақстанда биотеррорлық қауіптерге қарсы әрекет етудің бірыңғай жүйесі жоқ
Сенаттағы үкімет сағатында сөйлеген сөзінде «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ бас директоры Күнсұлу Закарья биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды.
- Қазіргі уақытта Қазақстан үшін биологиялық қауіптің ең өзекті көздері республика аумағында аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарының болуы, биологиялық терроризм қаупі, аса қауіпті инфекциялардың трансшекаралық әкеліну немесе әкеліну қаупі болып отыр. Ағымдағы жылдың 10 айында республикада халық арасында 13 аса қауіпті инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жалпы алғанда 50,5%-ға – 402 жағдайдан 796-ға, оның ішінде бруцеллез – 38,6%-ға, конго- Қырым геморрагиялық қызбасы – 51,3%-ға, – дейді Күнсұлу Закарья.
Оның айтуынша, жыл басынан бері елімізде 325 қолайсыз пункт тіркелген, оның ішінде малдың жіті жұқпалы аурулары бойынша 179, бруцеллез бойынша 146 қолайсыз пункт. Бұл фактілер бірқатар түйткілді мәселелердің айғағы, дейді ұлттық холдинг басшысы.
- Біріншісі – биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің бөлшектенуі және бағытының тарлығы. Биологиялық тәуекелдерді басқару мониторингінің бірыңғай интеграцияланған ақпараттық жүйесінің болмауы. Эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдайлардың асқынуының алдын алу бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін көп факторлы болжау, биоқауіптерді модельдеу жүйесінің болмауы. Мүдделі мемлекеттік органдар арасындағы ведомствоаралық үйлестірудің тиісті деңгейінің болмауы. Тиісті қаражаттың жоқтығы, ден қою шаралары, – дейді ол.
Оның пікірінше, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар жүйесі ықтимал биологиялық қауіптердің барлық түрлерін қамтуы керек. Бұл ретте биологиялық қауіп-қатерге қарсы әрекет етудің жоғары жылдамдығын, нақты қауіп ауқымына қарай күштер мен құралдардың барабар маневрінің мүмкіндігін қамтамасыз ету маңызды.
Күнсұлу Закария осы мәселелердің кешенді шешімдерінің бірі ретінде еліміздің биологиялық қауіпсіздігінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін құруды қарастырады.
- Қазіргі таңда мемлекеттік тапсырма аясында Денсаулық сақтау министрлігі жоғарыда аталған биологиялық қауіпсіздік мониторингінің мемлекеттік ақпараттық жүйесі архитектурасын әзірлеуде. Дегенмен, оның ақпараттық жүйені, оны пайдалану ережелерін әзірлеу түріндегі логикалық қорытындыға келтірудің одан әрі перспективалары бұлыңғыр болып қала береді. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өткім келеді, - деп түйіндеді ол.
Жаңалықтар
- Алматыда жастар пышақтасып, екі жасөспірім қаза тапты
- Астанада жаңа AI Research University ашылады: Болашақта ЖИ үлесі арта түседі
- Көкшетауда мотоцикл мінген адамнан 5 келіден астам марихуана табылды
- Президент өзіне сыйға тартылған сәйгүліктерді тамашалап, жем берді
- Қарағандылық құтқарушы «Жарық түндер» халықаралық жарысында алтын медаль ұтты
- Германия Ресейден қауіптеніп, ықтимал соғысқа дайындықты бастап кетті
- Көші-қон заңнамасын бұзған 27 шетелдік елден шығарылды
- Аида Балаева: Көші-қон саясаты түбегейлі өзгереді
- Австрияда балалар тағамына у қосқан адам ұсталды
- БАҚ бойынша президенттің 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарына ұсыным қабылдау басталды
- «Оскар» ұйымдастырушылары ЖИ-актерлер мен сценаристерге шектеу қойды
- Қытай өзінің мұнай компанияларына АҚШ санкцияларын елемеуді бұйырды
- Еліміздің қажыларына Пайғамбар музейіне барғанда жеңілдік беріледі
- Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
- Жұқпалы аурулар маманы: Екпе ауру қоздырады деген — қауесет
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады