Қазақстан полициясы Оралды Ресейге беруді қылмыс деп санамайды

cover

Қазақстан полициясы Оралды Ресейге беру ұсынынысын қылмыс деп санамайды.

Бұл туралы «Уральская неделя» хабарлайды.

«2023 жылдың 14 ақпанында БҰҰ-ның сауалына жауап ретінде полиция видеоға қатысушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру олардың әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты тоқтатылғанын хабарлады. Полиция бұл іс бойынша тергеу тоқтатылғанын түсіндірді, себебі сараптама қаралып жатқан мәлімдемелерде сепаратизм мен ұлтаралық араздықты қоздыру белгілерін анықтамаған» деп хабарлады басылым.

2022 жылдың қарашасында блогер мен чаттағы ер адамдар арасында диалог болды. Блогер өзін Ресей азаматымын деп таныстырды. Қалған қатысушылар Қазақстанға қатысты агрессия орын алса, қолдайтындарын, Орал қаласы мен Чапаев ауылына дейінгі аумақты Ресейге беру керектігін ашық айтты.

– Алдымен Оралды алыңдар, қолымызға автомат беріп, Чапаевқа дейін жеткізіңдер. Тек бізге рұқсат беріңіз, бәріміз сонда барамыз. Жалпы, бүкіл Қазақстанды аламыз. Біз көптен бері бұған дайын болдық, тек күттік, – дейді БҚО тұрғындары.

Олар 18-20 жастағы жігіт және кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім Василий Худабердыев болып шықты.

«Олар жаңа бейнероликке түсіріп, чатрулет кезінде айтқан сөздері үшін кешірім сұрады. Оларға алдын алу шарасы таңдалмады, яғни кешірім сұрағаннан кейін олардың барлығы үйлеріне қайтарылды» делінген хабарламада.

Полицейлердің айтуынша, сараптаманы Ақтөбе облысаралық сот-сараптамасы МКҚК ҚР Әділет министрлігі Орталық тергеу комитетінің мамандары жүргізген. Сарапшылар сараптама туралы ақпаратты тағайындаған органнан басқа ешкімге ұсынбайтындарын айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар