Qazaq Air ұшқыштары жалақыны көтеріп, жұмыс жағдайларын қайта қарауды талап етті

cover Фото: Pixabay

Qazaq Air әуе компаниясының бір топ ұшқышы компания басшылығына бірнеше талап қойып, ресми хат жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.

«Хатта келтірілген негізгі талаптардың қатарында түнгі рейстерге төленетін еңбекақыны қайта қарау, әуе кемесі командирлерінің жалақысын көтеру; екінші ұшқыштардың жалақысын арттыру, барлық ұшқыштар үшін ұшу сағатына төленетін ақы мөлшерін көбейту мәселелері бар»,  деп мәлімдеді Көлік министрлігі. 


Көлік министрлігі аталған өтінішті еліміздің қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарауды әуе компаниясынан талап етті.

Ашық деректерге сәйкес, Qazaq Air компаниясының акционерлері: Sovico тобы (49%), «Самұрық-Қазына» (49%) және Kazasia Holding Limited (2%).

Еске сала кетейік, Қостанай әуежайында Астанаға бағыт алған Qazaq Air ұшағы ұшып шыққанда дөңгелегі өртенген. Жолаушылардың айтуынша, «дөңгелек тура терезенің тұсында лап етіп жанған», содан кейін ұшақ күрт тоқтаған.

Өрт сөндірушілер жалынды жылдам өшірді, зардап шеккендер жоқ, алайда рейс тоқтатылды. Шетелге транзитпен ұшпақ болған туристер уақыт пен қаржысынан айырылды.

Көлік министрлігі бұл оқиғаны тексеру үшін комиссия құрды, ал Qazaq Air техникалық ақауды мамандар тексеретінін хабарлап, «Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі — біздің абсолютті басымдығымыз» деп ерекше атап өтті.

 
 Еске салсақ, елімізде базалық мөлшерлемені 18% -ға дейін көтеру банктердің қазақстандықтарға тұрғын үй несиелерін беруді тоқтататынын білдіруі мүмкін. Себебі ипотекалық несиелеу қаржы мекемелері үшін тиімсіз болып қалады. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар