Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
Фото: Ақорда
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа Конституцияға қатысты өткен референдумның сәтті аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі мәлімет таратты.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Қазақстан Республикасында жаңа Конституцияға қатысты сәтті өткен референдуммен шын жүректен құттықтаймын. Халықтық дауыс берудің нәтижелері сіздің мемлекеттік институттарды нығайту және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жүргізіп отырған саясатыңызға кең қолдаудың бар екенін толық көрсетті» деп жазылған Путиннің Тоқаевқа жолдаған телеграммасында.
Ресей президенті «Қазақстандағы конституциялық реформалардың біздің мемлекеттер арасындағы одақтастық және жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ықпал ететініне» үміт білдірді.
Айта кетейік, бірнеше сағат бұрын Тоқаевты алғаш болып Өзбекстан президенті құттықтаған еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды
- Қаласақ, қызық үшін тағы бірнеше соққы жасай аламыз — Трамп
- Білім министрлігі Қазақстандағы шетелдік университет филиалдарында оқуға грант бөледі
- Наурызнама мерекесі аясында 747 спорттық іс-шара өтеді
- 16 наурызға арналған ауа райы болжамы: Бірқатар өңірде дүлей дауыл соғады
- 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленді: Жазда парламент сайлауы өтеді
- Бүгін Оскар сыйлығының 98-ші марапаттау рәсімі өтеді