Путин Пасха келісімін жариялады: Зеленский оны қолдап, 30 күнге ұзартуды ұсынды
Фото: EPA/Reuters
Ресей Президенті православие Пасхасы кезінде барлық ұрыс қимылдарын тоқтатуға өкім етті, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Кремльде РФ ҚК Бас штабының бастығымен болған кездесуінен кейін мәлім болды.
Келісім Мәскеу уақыты бойынша 18: 00-ден бастап, 21 сәуірде 00: 00-ге дейін жалғасады.
«Оқ атуды тоқтату режимі гуманитарлық мақсатта енгізіледі және Киев тарапы келісімді сақтаған жағдайда ресейлік Біріккен әскер тобы да келісімді бұзбайды» деп жазылған хабарламада.
Зеленскийдің айтуынша, Украина шынымен де бітімгершілікті Ресей тарапы сақтаған жағдайда оқ атуды тоқтатады. Украина басшысы бітімді тек пасхалық демалыс күндерімен шектемеуді ұсынды.
«Егер шынымен де тыныштық орнаса, Украина оны 20 сәуірдегі Пасха күні аяқталғаннан кейін де ұзартуды ұсынады. Бұл Ресейдің шынайы ниетін көрсетеді, себебі тақырыпты талқылау үшін 30 сағат жеткілікті шығар, бірақ сенімді нығайтуда нағыз шаралар қажет. Отыз күн әлемге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Зеленский.
Ол бұған дейін АҚШ екі тарапқа да 30 күн мерзімге толық оқ атуды тоқтату туралы келісім жасасуды ұсынғанын еске салды. Украина бұл шартқа 11 наурызда Джидда қаласында келіскен, бірақ Зеленскийдің айтуынша, Ресей бұл ұсынысқа 39 күн бойы жауап қатпаған.
Бұл ретте Зеленский майдандағы жағдай шиеленіскен күйінде қалып отырғанын атап өтті. ӘҚК Бас қолбасшысының баяндамасы бойынша бірқатар бағыттарда Ресей тарапынан шабуыл әрекеттері жалғасуда, артиллерия жұмысы тоқтамады.
«Әзірге Мәскеудің сөзіне сенім жоқ. Біз Кремльдің қалай айла-шарғы жасайтынын жақсы білеміз. Бірақ тыныштық сақталса, Украина оны қолдайды. Қорғаныс күштері ұтымды әрекет етеді, дегенмен әрбір шабуылға жауап беруге дайынбыз», - деп қортындылады Зеленский.
ВВС басылымы оқ атуды тоқтату туралы бұйрықпен бірге украиндық әскерилерге бітімгершілікті бұзудың барлық жағдайларын тіркеуге - фото және бейне айғақтар жинауға нұсқау берілгенін жазды.
Еске салсақ, 18 наурызда Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті. Ақ үй басшысы екі тарапқа да 30 күн мерзімге энергетикалық инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасаудан бас тартуды ұсынды.
Жақында The Times газетіне берген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Кит Келлог Украина бейбіт келісім аясында Берлин сценарийі бойынша бақылау аймақтарына бөлінуі мүмкін дегенді мәлімдеген еді.
Жаңалықтар
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр
- Израиль Каспий теңізі аймағындағы Иран нысандарына шабуылдады
- Таяу Шығыстағы жағдай: Трамптың мың құбылуы мен жоғары лауазымды тұлғалардың өлімі
- Сауд Арабиясы: Иранға деген сенім жойылды