Прокурор Хасан Қасымбаевқа 15 жыл сұрады
Фото: Видеодан кадр
Талғар қаласында Хасан Қасымбаев пен өзге де айыпталушылардың ісі бойынша сот жалғасуда. 28 қазан күні өткен отырыста тараптар сөз жарыстырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Айыпталушылар прокурордың айтқандарымен келіспей, істегі айыптауларды «жалған және ойдан құрастырылған» деп мәлімдеді.
Мемлекеттік айыптаушы Ерлан Құланбаев Қасымбаевқа 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сондай-ақ айыпталушылардан жәбірленуші тарапқа бес миллион теңге моральдық өтемақы өндіруді ұсынды.
2024 жылдың 2 қарашасында Хасан Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу нұсқасы бойынша, ол 2021 жылы ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімовті ұрлап кетіп, қасақана ауыр дене жарақатын салған. Сонымен бірге, оған 2016 жылы Аюпжан Тәжиевке қатысты оқиға бойынша да айып тағылған.
Бұл іс бойынша Қасымбаевтан бөлек тағы бес адам айыпталуда: Руслан Әлиев, Мадияр Қалымжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков және Данияр Асқаров.
Сот залында айыпталушылар өз құқықтарының бұзылып жатқанын айтып наразылық білдірді. Ал жәбірленушінің анасы үш күдіктіге қатысты іс қозғалмағанын айтып, апелляциялық шағым түсіретінін хабарлады.
Айта кетейік, бұл отырысқа журналистер қатыстырылды.
Жаңалықтар
- Сағын сындыру үшін жасалған әрекет: Заңгер Әділетхан Молдаханның інісі мәлімдеме жасады
- Жетісулықтар тағы бір жер асты дүмпуін сезді
- Бес әнімнің ақысын бермеді деген композиторға әншінің өзі арыз жазды
- Ұсталған Әділетхан Молдахан туралы не белгілі?
- Сәуірден бастап бақылау күшейеді: аударымдар да назарда
- Елімізде пойыз қозғалысын реттеуде Starlink спутник жүйесі қолданылады
- Баян Алагөзова: Радикализм, «Алтын Ханым» және әл-Фарабидегі апаттар
- Жетісу облысында магнитудасы 5,4-ке тең жер сілкінісі болды
- Алматыда әр бесінші мопед тіркелген: Курьерлік қызметтер мотокөлікті көбейтіп жіберді
- Алматы облысында автобус пойызбен соқтығысты: зардап шеккендердің жағдайы қандай?
- Елімізде 400-ден аса жеке емшара кабинеті лицензиясыз қызмет көрсеткен
- Санжар Боқаев бұлтартпау шарасымен екі айға қамалды
- Мүлкін иемденгісі келген: Павлодарда әйелін әдейі суға батырып өлтірген ер адам сотталды
- 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
- Алматыда заңгер Әділетхан Молдаханның ұсталғанын полиция растады
- Израильде өлім жазасы неге бәріне бірдей жүрмейді? Заңға шолу және халықаралық реакция
- Израильде терроризм үшін сотталғандарға өлім жазасын кесетін заң қабылданды
- Сапасыз жолдан көлігіңіз сынса — «ҚазАвтоЖол» ақы төлейді
- Алматыда заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды
- Тоқаев ұлттық қауіпсіздік стратегиясы жобасын мақұлдады