Президенттің экс-көмекшісі ұсталды

cover Фото: freepik.com

Қырғызстан президентінің бұрынғы көмекшісі Хайдарали Халиков Молдовада ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы Қырғызстанның ішкі істер министрлігі ақпарат таратты.

Мәліметтерге сүйенсек, Халиков қызметтік жағдайды пайдалана отырып жасалған ірі алаяқтыққа күдікті ретінде іздеуде болған. Мемлекеттік қызметкер ретінде ол белгілі бір адамның ақшасын алдап алып, оған материалдық шығын келтірген. Сонымен қатар Халиков бірқатар осыған ұқсас қылмыс жасады деп айыпталып жатыр.

Қырғызстанның бас прокуратурасы ұсталған адамды экстрадициялау мәселесін талқылап жатқанын мәлімдеді. 

Өткен жылдың қараша айында ҚР президенті әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің басшысы Дайырбек Орынбеков Халиков қызметін өз мүддесі үшін пайдаланғанын айтқан еді. Ол Өзбекстаннан шифер контрабандасымен айналысқан, әрі әкімдерге, ведомство басшыларына өз мәселесі бойынша келіп, оларға қысым жасаған көрінеді. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бұл туралы біліп, өзінің барлық көмекшілері мен кеңесшілерін қоғамдық негіздегі мәртебесінен айырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар