Президенттік сайлауға түскен Амантай қажы жазу жазып көпірді бүлдірді

cover Фото: Threads/@asshimova

Бұрынырақта президенттік сайлауға түскен Амантай қажы Алматыдағы көпірге жазу жазып қасақана бүлдірді, деп хабарлайды Orda.kz.

Амантай қажы Сейфуллин Райымбек көшелерінің қиылысындағы қайта жөндеуден өткен көпірге «Аттан» сөзін жазып қойды.

Алмалы ауданының полиция басқармасы бұл жағдай бойынша заң аясында қажетті шараларды жүргізді. 

«Қаланың көркін бұзғаны үшін құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған тәрбие, тәртіп жөнінде әңгіме айтылды», деп жауап берді полиция департаменті.

Айта кетейік, Алматы облысы Жамбыл ауданында әскердегі 19 жастағы сарбаз өзіне-өзі қол салды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар