Президент резиденциялары дирекциясының бұрынғы басшысы заңсыз алтын өндірген

Президент Іс басқармасының мемлекеттік резиденциялар дирекциясын басқарған Болат Мыңбаев қазір IBM Gold компаниясын басқарады. Аталған фирма алтын мен күмісті заңсыз өндіргені үшін прокуратура назарына ілікті, деп хабарлайды Orda.kz.
Павлодар облысы прокуратурасының мәліметінше, «IBM Gold» ЖШС 2025 жылдың басынан бері Баянауыл ауданында экологиялық рұқсат алмай жұмыс істеген. Бұл дерек бойынша қадағалаушы орган тиісті шара, оның ішінде процестік сипаттағы әрекеттер қабылданатынын хабарлады.
Компанияның құрылтайшылары арасында Болат Мыңбаевпен бірге SA Minerals иесі Серік Әбдіғалиев пен қырғызстандық кәсіпкер Тахиржан Баратов бар.
Мыңбаев кезінде президент резиденцияларын басқарған. Ал 2017 жылы отандық БАҚ-та IBM Gold компаниясының Майқайың кен байыту фабрикасының қалдықтарына ресми тіркелмей тұрып-ақ қол жеткізгені туралы жазылды.
Еске сала кетейік, жуырда Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі банкрот деп танылды.
Жаңалықтар
- Семейдегі тым-тырыс сайлау: Алаштың астанасындағы «демократия»
- Әскери басшының қызметкерге балағат сөздер айтқан бейнежазбасы тарады
- Ақтөбеде 14 жастағы Нұржан Сыдықтың өліміне күдікті болған үш оқушы ақталды
- Достық – Мойынты теміржолы: Президент Тоқаевты кім алдады?
- Ақорда берген пәтер: Тоқаевтың жеке журналисінің басы дауға қалды
- Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасының бас бапкері атанды
- Шерхан Қалмұрзаға ғылым министрі грант табыстады
- Басы дауға қалған көлік министрлігінң шенеунігі «әкімдікке» жіберілді
- Қазақстанда Джеки Чан ойнайтын жаңа «Құдіретті сауыт» фильмі түсіріледі
- Тамара Асардың өгей ұлы өмірден озды
- Президент резиденциялары дирекциясының бұрынғы басшысы заңсыз алтын өндірген
- Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі банкрот деп танылды
- Қоянқұста ата-аналар балаларын мектепке жібере алмай отыр
- Қызылордада мүмкіндігі шектеулі баланы қорлап, аяғын күйдіргендер ұсталды
- Екібастұзда КСРО басшысы Георгий Маленков тұрған пәтер сатылымға шықты
- Таразда әкімдік қызметкерлері мемлекеттік мүлікті заңсыз сатқан
- Дана Әбдірова Перудегі әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
- Республика сарайында Путинді жер-көкке сыйдырмай мақтаған Ситников кім?
- Салтанат Нүкенованың есімі елдің тарихи тұлғалар пантеонына енгізілді
- БАӘ-де заңсыз мұнай сатқан қазақстандық ұсталып, елге экстрадицияланды