Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар сарайында орналасқан № 51 референдум учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Бүгін еліміздің тағдырын айқындайтын күн. Баршаңызға құтты болсын! Шын мәнінде, бұл – тарихи құжат. Ол азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Сондықтан оның маңызы өте жоғары. Жаңа Конституция еліміздің, жеріміздің тұтастығын, Тәуелсіздігі мен Егемендігін қорғайды. 1995 жылы қабылданған Конституция ерекше рөл атқарды. Еліміз 35 жыл осы құжатпен өмір сүрді. Бірақ заман бір орында тұрмайды. Сол себепті жаңа Конституция қабылдайтын уақыт келді. Бұл жұмысқа мен де белсене атсалыстым. Конституцияның преамбуласын және басқа да нормаларын өзім жаздым. Жаңа Ата заң ел игілігіне, келешегіне қызмет етеді деп сенемін», – деді мемлекет басшысы.

Президент дауыс берген соң отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін еліміздің дамуы мен келешегі үшін ерекше маңызды күн екенін атап өтті.
Бұдан кейін gрезидент конституциялық реформаның негізгі мақсаты мен міндеттеріне, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіне қатысты бірқатар сауалға жауап берді.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанның жаңа конституциясына дауыс беру басталды, референдумға дайындыққа 70 мың адам қатысты
- ОСК референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы дәл қазіргі мәліметті берді
- Референдумға қатысуға кімдердің құқығы жоқ?
Жаңалықтар
- Қуандық Рахым референдумда дауыс берді, Димаш денсаулығына байланысты қатыса алмады
- Референдум: Мүмкіндігі шектеулі жандар қалай дауыс береді?
- Қазақстан полициясы күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр
- Референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы ақпарат жаңарды
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
- Назарбаев референдумда дауыс беруге келді
- Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді
- ОСК референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы дәл қазіргі мәліметті берді
- Азат Перуашев Референдумда дауыс берді
- Алматы облысы Іле ауданына тілшінің бақылап, ақпарат таратуына қарсы болған жағдай тіркелді
- Референдум: Бостандық ауданы тұрғындарының дауыс беруге белсенділігі байқалмады
- Референдум: ҚазҰУ учаскесінде қалай өтіп жатыр?
- Мәжіліс спикері жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
- Өтеген батыр ауылында референдумға дауыс беріліп жатыр, бірақ кейбір тұрғындар қиындыққа тап болды
- Ауыл тұрғындары қуана- қуана дауыс беріп жатыр
- Референдумға қатысуға кімдердің құқығы жоқ?
- Қазақстанның жаңа конституциясына дауыс беру басталды, референдумға дайындыққа 70 мың адам қатысты
- Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды