Полиция Жылыой әкімдігі алдында шатыр тігуге бөгет жасады

cover Бейнажазбадағы кадрдан үзінді

Полиция тұрғындарға Жылыой әкімдігі алдында  шатыр тігуге бөгет жасады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Өтемақы мәселесіне наразы тұрғындар шатырларын алаңға алып келе жатқанда полиция тұрғындардың жолын бөгеді. 

Полицейлер «Шатыр тігуге болмайды» деп, заттарын тартып алмақ болды. Бірақ әйелдер полиция қоршауынан шығып, кедергіге қарамастан шатырларын тікті.

Құлсары қаласында тұрғындар наразылығы үшінші күн жалғасып жатыр. Жылыой ауданы әкімдігі алдына жиналған халық өтемақы мәселесіне наразы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар