Полиция Шахтинск қаласындағы өртке кінәліні ұстады

cover Фото: бейнекадрдан үзінді

Қарағанды полиция департаменті Шахтниск қаласында болған өртке қатысты күдіктінің ұстағаны туралы бейнематериал жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.

Олардың мәліметінше, 40 жастағы ер адам көпқабатты үйде газ баллонын ашып әдейі тұтатқан. Өрт салдарынан 5 полиция қызметкері жарақат алған.

«Шахтинск қаласында полицейлер пәтерге өрт қойған күдіктіні ұстады. 40 жастағы ер адам көпқабатты үйде газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан. Тәртіп сақшылары тұрғындарды эвакуациялау кезінде жарылыс қаупіне қарамастан батыл әрекет етті. Күдікті құрықталды, бірақ өрт салдарынан 5 полиция қызметкері жарақат алып, ауруханаға түсті. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Күдікті күзеттегі палатаға жатқызылды», деп жазды полиция департаменті. 

Айта кетейік, Қарағанды облысы Шахтинск қаласында 8 адам зардап шеккен болатын. Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан бес адамды эвакуациялады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындардың біразы өз бетімен сыртқа шықса, бір бөлігін полиция қызметкерлері эвакуациялаған болатын.

Оқи отырыңыздар:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар