Полицейлер іздеуде жүрген 58 қылмыскерді ұстады
Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігінің жедел қызметі мен бөлімшелері 58 қылмыскерді анықтап, ұстады. Олардың арасында ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүргендер де бар. Бұл туралы Polisia.kz сілтеме жасап Orda.kz хабарлайды.
Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша, атап айтқанда, Ақтау полицейлері өткен жылдың қараша айында дәмханалардың бірінде жанжал салдарынан мас күйінде жергілікті тұрғынды ұрып-соғып, қашып кеткен қала тұрғынын ұстады. Жәбірленуші ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
Өзбекстанның Үшқорған қаласында жергілікті тәртіп сақшылары Алматы облысы ІІД криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, екі рет өлтіргені үшін іздеуде жүрген осы елдің азаматын ұстады. 2012 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жұмыс істеп жүрген ер адам мас күйінде зейнеткерлердің үйіне заңсыз кіріп, кісі өлтіріп, ақша ұрлаған.
Елордалық полицейлер қостанайлық әріптестерімен бірлесіп 2020 жылы Астанада салынатын тұрғын үй кешеніне қаржы тартып, пәтерлерді брондау үшін ақша алған екі басшымен бірге ЖШС-ің бірінің директоры мен құрылтайшысын ұстады. Бұған дейін де полицейлер тергеу жүріп жатқан ЖШС-тердің 144 үлескердің 4 миллиард теңгеден астам ақшасын жымқырғанын анықтаған.
Сонымен қатар, республиканың криминалдық полиция қызметкерлері із-түссіз жоғалып кеткендер қатарындағы 30 адамның мекен-жайын анықтады.
Жаңалықтар
- Атыраудағы қандықол күйеу бала: Жоғалған отбасының ұлы мен қызының мүрдесінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталды
- Соғыстың 12-күні: Иран көмек сұрай бастады, Трамп соғысты аяқтау туралы айтты
- Алматыда бұрынғы полиция шенділеріне есірткі сатушыларға «қорған болды» деген айып тағылып, 12 адамға қатысты сот ісі басталды
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді
- Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды