«Полицейдің қазасы»: Қарағанды облысында әріптесіне оқ атқан полицей қамалды

cover Фото: Pixabay

31 тамыз күні сағат 21:00 шамасында ГРЭС бекетінде оқ атылды. Оқ тиген және оқ атқан кіші сержанттардың екеуі де құқық қорғау органдарында бір жылдай қызмет еткен, деп хабарлайды Orda.kz.

Қарағанды облысына қарасты Топар кентінде полиция қызметкері қызмет барысында өз әріптесін атып жіберді.

Департамент бұл жағдайды оқыс оқиға деп отыр.
«Алдын ала деректерге сәйкес, полицияның кіші сержанты қаруды абайламай қолданған. Соның салдарынан  әріптесіне оқ тиіп, басынан жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды»,  деп мәлімдеді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Екі қызметкер де Жезқазған қаласындағы ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасының екінші батальонында міндетін атқарып жүрген. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, екеуі де 2025 жылы жұмысқа қабылданған.

Оқ атқан сержант қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Еске сала кетейік, Қазақстанның бұрынғы Бас көлік прокурорына іздеу жарияланды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар