Полицейді сынағаны үшін қазақстандық жарты миллионнан астам айыппұл төлейді
Фото: pixabay
Қостанай облысының тұрғыны видео жариялағаны үшін 664 560 теңге төлеуі керек.
Мұндай шешімді Қарабалық аудандық соты шығарды.
Қарабалық аудандық сотында «БАҚ арқылы жала жабу» бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Ақпан айында қостанайлық тұрғын учаскелік инспектордың әрекетін сынаған видеоны жариялаған. Видео авторының айтуынша, полицей хаттаманы қате толтырып, жол-көлік оқиғасы сызбасын сапасыз жасаған. Видео авторының айтуынша, бұл оқиғаға қатысушылардың біріне негізсіз айып тағылуына себеп болған.
«Сот С.-ның ішкі істер бөлімі мен сот шешімімен Б.-ның жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін кінәлі деп танылғанын біле тұра, өзінің бейнежазбасында учаскелік полиция инспекторының ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін, оның құқығына нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқаны анықталды, әлеуметтік желілер арқылы беделін түсірді» делінген Қостанай сотының баспасөз хабарламасында.
Нәтижесінде видео авторына 180 АЕК – 664 560 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Жаңалықтар
- Атыраудағы қандықол күйеу бала: Жоғалған отбасының ұлы мен қызының мүрдесінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталды
- Соғыстың 12-күні: Иран көмек сұрай бастады, Трамп соғысты аяқтау туралы айтты
- Алматыда бұрынғы полиция шенділеріне есірткі сатушыларға «қорған болды» деген айып тағылып, 12 адамға қатысты сот ісі басталды
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді
- Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды