Петропавлда Уәлиханов пен Жұмабаев мүсіндері қоқысқа тасталды

cover

Петропавлда бірнеше күн бойы қалалық саябақтан шығарылған танымал жазушылардың мүсіндері қоқысқа тасталғаны туралы ақпарат желдіде қызу талқыға түсті.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Әлеуметтік желі қолданушылары қалалық мәдениет үйінің аумағында қоқыспен қоршалған мүсіндердің суреттерін көріп, наразылық білдірді. Алайда, қалалық әкімдікте жазушылар аллеясының мүсіндерін қалпына келтіру үшін алынып тасталғанын мәлімдеді.

«2010 жылы ескі саябақ аумағында шағын сәулет нысандары (МАФ) орнатылды. Ескі саябақта қазба жұмыстарының басталуына байланысты мамыр айында 6 МАФ одан әрі қалпына келтіру үшін қалалық мәдениет үйінің аумағына жеткізілді. Қалған 6 мүсін адамдар тарапынан бүлінуге ұшырады. Олар жөндеуге жатпайды. Мүсіндерді қалпына келтіру үшін қажетті қаржы есептеліп, жөндеу жұмыстары басталады. Қалпына келтіру аяқталғаннан кейін олар жаңа жерге орнатылады» деді әкімдікте.

Мүсіндер қайда апарылатынын жергілікті билік нақтылаған жоқ.

2010 жылы саябақта әдебиетшілер аллеясын құру үшін орыс және қазақ әдебиеті жазушыларының: Жұмабаев, Уәлиханов, Маяковский, Достоевский, Ахматованың және тағы 34 мүсінге тапсырыс берілген. Тапсырысты алматылық мүсінші Қазыбек Сатыбалдин орындады. 34 мүсіннің 22-нің сапасыздығына байланысты тапсырыс беруші – Петропавл қаласының құрылыс және сәулет бөлімі қабылдамаған. Қалған 12 мүсінге 11 млн теңге төленген.

Мүсіндер саябаққа орнатылған кезде нағыз жанжал басталды: суретшілер, мүсіншілер және қарапайым тұрғындар олардан әйгілі классиктердің бейнесін көре алмаған. Оларды бір-бірінен тек тақтайшадағы жазулар арқылы ажыратуға болады. Кейбіреулерінің дене пропорциялары сақталмаған. Қала тұрғындарының ескертулерінен кейін мүсіндердің бір бөлігі ғана қабылданданды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар