Педофилдер түрмеден түзеліп шыға ма?

Жақында ғана «Хабар24» телеарнасы Қазақстанда жыл соңына дейін 32 педофил бостандыққа шығатынын хабарлады. Кәмелет жасына толмағандарды зорлады деп айыпталып, темір торға қамалып шыққандар қоғам үшін қауіпті ме? Түзету мекемелері оларды шын мәнінде түзете алды ма?
Бұл туралы Orda.kz заңгер мен психологтың пікірін сұрап көрді.
Заңгер Мадияр Аймырзаұлының айтуынша, педофилдер бостандыққа шыққан соң біраз уақытқа дейін учаскелік полицияның бақылауында болады.

— Қазір ішкі істер қызметкерлерінің қолында педофилдер туралы карта бар. Кім қай жақта жүретіні, қай жақта тұратыны бәрі сол жерде көрсетілген. Олардың суретін ашып көрсетпесе де, бақылап отырады. Қылмысы ауыр болғандар алты жылдан кейін бақылаудан шығады.
Бас бостандығынан айыру орнына шықты деген сөз толықтай жауапкершіліктен босатылды деген сөз емес. Жаңа қылмыс жасаудың алдын-алу шаралары жүріп тұрады. Егер олар жаңа қылмысқа күдікті болса, оларды бірден шақырып жұмыс жүргізіледі. Түрмеден шыққандарды әлеуметтік қамтамасыз ету қажет. Мысалы, Қазақстанда сотталған адамдар емес тіпті сотталмаған мамандар да жұмыс таба алмай отыр. Оларды жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұрғызып, өз мамандықтарымен жұмыс істету қамтылады.
Психолог Вероника Пивкина түрмеден шыққандардың барлығына көмек керек деп санайды.

— Түрмеде отырған адам психолог дегеннің кім екенін білу керек. Себебі оларға көмек өте қажет. Негізінде педофилдер бала кезінде сексуалды қорлық көргендер. Сол үшін де олар жеке дамымай қалған. Өзімен жасты адамдармен жақындасуға қорқады, себебі олар өздерін серіктесінің жанында әлсіз сезінеді. Содан кейін олар балаларға тиіседі. Балалардың жанында өздерін әдемі, қайратты, батыл, толыққанды сезінеді. Әйелдер педофилиясы да солай. Иә, ондай да бар.
Бала кездегі ақау оның басында жүре береді. Психолог жұмысы педофилға алдымен өзін-өзі тану үшін жүргізіледі. Жылдар бойы жиналған ақауын ұмыттыру керек. Бұл - өте қиын іс. Педофилдер ешқашан өздерінің түрмеде не үшін отырғанын түсінбейді. Себебі олар балаларға «нәзіктік танытамыз» деп ойлайды. Біздің түрмелерде не болып жатқанын білмеймін, бірақ батыста осы баппен түрмеге түскендерді мазақ етіп, тиісе береді. Олардың өз ережесі де бар, - дейді психолог.
Психологтың айтуынша, педофилдер түрмеге отырып шыққаннан кейін өзгеруі мүмкін емес, ондай жағдай өте сирек болады.
— Педофилдер түрмеден шыққаннан кейін бірден өзгеріп кетпейді, ондай кездер өте сирек кездеседі. Олар мына өмірге үйрене алмайды. Түрмеде оларға нұсқаулық беріліп отырады. Ал, еркіндікте ешкім жол сілтемейді. Адамның ішкі ниеті болмаса, көп педофилдерге психологтың ем-шарасы да көмектеспейді. Мемлекет адамдардың психолог кеңесіне жүгінуіне көңіл бөлу керек. Себебі неше түрлі жағдай болады. Ең алдымен тәрбиені тұрмыстан, яғни отбасынан бастау керек. Жаңа айтылғандай бала кезде баланың психологиясымен айналысып, санасында ауытқу болмауына атсалысу керек,- дейді ол.
Психолог балалармен көп сөйлесу керек деген кеңес береді.
— Көбіне мұндай жағдайлар жалғызбасты аналардың, тағы тұрмысқа шығып өз қызына өгей әке тауып беруінен басталуы мүмкін. Ол әйелге өгей әкесінің істері туралы қызы келіп айтса да жала жауып тұр деп те ойлауы мүмкін. Бірақ, балаға ғана әлі жететін еркек әйелмен де қызымен де өте жақсы тіл табысып кете алады. Отбасындағы зорлық-зомбылық осы жерден басталады. Сол үшін де баламен сөйлесіп, ақылдасып, ішіндегісін тыңдай білу керек, - дейді Вероника Пивкина
Жаңалықтар
- «Азаттық радиосы» журналистері Сыртқы істер министрлігін сотқа бермек
- Алматы тауларында жоғалған ҚБТУ студентінің мүрдесі табылды
- Дикий Арманның сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды
- Тоқаев Назарбаев айырылған лауазымға ие болды
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
- Жамбыл облысының тұрғыны көмекке келген фельдшердің кеудесіне оқ атты
- Маңғыстаудағы кен орнында бұрғылау мұнарасы құлады
- 13 мүрде шыққан Almaty Hostel-ге қатысты үкім: Неге көп сұрақтар жауапсыз қалды?
- Қажылыққа жинаған ақшасын мұқтаж жандарға үлестірген 94 жастағы ақсақалға Меккеге жолдама сыйланды
- Шенеуніктің шымбайына батқан сын: Ұлытау облысының әкімі көпбалалы анадан 495 мың теңге өндіріп алмақ
- «Орданы» аждаха жұтпақ: Гүлнәр Бажкенова тәуелсіз басылымды қалай тартып алғалы жатқандарын айтып берді
- «Екінші мәрте»: Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды
- Астанада Үкімет үйіне өрт қойған 24 жастағы ер адам ұсталды
- «Мен күйеуімді жақсы көремін»: Qurt-тың жұбайы зорлық туралы шағымын қайтарып алды
- Тоқаев Трамптың баж салығына қатысты хатына жауап қайтарды
- Перизат Қайраттың тергеу изоляторында соққыға жығылғаны жалған болып шықты
- Джулли Стаффт АҚШ елшісі болуы мүмкін
- БҰҰ Гүлнәр Кәрімованың қамауға алынуын заңсыз деп тапты