Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

cover Фото: freepik.com

Павлодарда 13 жастағы өгей қызын зорлаған ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адамның ісі қаралды. Ер адам 13 жастағы өгей қызын зорлаған. 

«Қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды. Сотталушының кінәсі жас жәбірленушінің айғақтары, куәгерлер, сот сараптамаларының қорытындылары арқылы дәлелденді», деп хабарлады Павлодар соттары. 

Жасалған қылмыс аса ауыр санатқа жатқандықтан ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Алайда сотталушы кінәсін мойындамады. 

Айта кетейік, бұған дейін 7 жастағы қызды зорлағаны үшін түрмеде отырған педофил өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қысқартуды сұраған еді.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар