Павлодарда қараусыз қалған 5 жасар баланың ата-анасы табылды
Фото: Бейнеден кадр
Павлодар тұрғындары көпқабатты үйдің ауласында қараусыз қалған 5 жастағы баланы байқаған. Бүлдіршіннің ата-анасы табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Павлодарлықтар 6 сәуір күні полицияға хабарласып, қараусыз баланың жүргенін айтқан. Көп өтпей баланың ата-анасы табылды. 5 жастағы Әлидің отбасы қалаға бес күн бұрын көшіп келген. Көп балалы ата-ананың 8 баласы бар екен. Әкесі түнгі ауысымда жұмыс істесе, анасы үйде жұмыссыз отырған көрінеді. Ер адам 5 жастағы баласын бауырлары сияқты ұйықтап жатыр деп ойлаған. Алайда ата-ана баланың жоғалғанын байқап, полицияға арыз жазған. Бала тек тәжік тілінде сөйлейтіндіктен, полицейлерге қайда тұратынын түсіндіре алмапты.
Көп балалы ата-анаға перзентіне дұрыс қарамағаны үшін айыппұл салынады. Олардың мінез-құлқын кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия қарайды.
Еске салайық, Павлодар облысында мемлекеттік тұрғын үйді бөлу кезінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.
Жаңалықтар
- Жыл басталғалы терроризмге қатысы бар 17 адам сотталып үлгерді
- Арнайы ХҚКО басшылығы жүргізуші куәлігі үшін пара алып, сотты болды
- Наурыздағы бата мен тілек: Дәстүрдің мәні неде?
- Қазақстанда несие беру талаптары жаңартылды
- Бұрынғы шенеунік Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады
- Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады
- АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін
- Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады