Павлодарда «қандас» құжатын жасап алған ауғанстандық азамат әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған

cover Фото: Gov.kz

Павлодар облысында Ауғанстан Республикасының азаматы өзін қандас ретінде көрсетіп, әлеуметтік төлемдерді заңсыз алып келген, деп хабарлайды Orda.kz.

Тергеу барысында Ауғанстан Республикасы азаматы өзін қазақ ұлтына жататыны жөнінде көрінеу жалған мәліметтер мен құжаттар ұсыну арқылы әлеуметтік төлемдерді заңсыз алғаны анықталды. 

Ол осы арқылы құны 20 миллион теңге болатын пәтер сатып алған. Cот мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, Қарақалпақстаннан көшіп келген ағайынның азаматтық алсақ деген арманы жылдарға созылған сарсаңға айналды. Кейбірі құжаттағы бір әріптің айырмашылығы үшін 10 жыл бойы мекеме табалдырығын тоздырып келеді. Orda.kz  азаматтыққа қол жеткізе алмай, әлеуметтік қорғаусыз қалған отбасылардың жағдайын біліп қайтты.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар