Павлодар тұрғыны өзеннен граната «аулады»

cover

Павлодар тұрғыны кешкісін балық аулауға барып, өзен түбінен қармақмен граната «аулаған».

Ақпарат Zakon.kz сайтына жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Аумақ полиция қызметкерлерімен қоршауға алынды, адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына Павлодар облысы ПД жару-техникалық тобы және кинологиялық қызметкерлері келді.

Тексерістен кейін граната арнайы капсулаға салынды. Ешқандай қауіп тудырмайды.

Факт тіркелді. Сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар