Париждегі бомба туралы хабарға байланысты Лувр уақытша жабылды

cover

Париждегі ең танымал мұражайлардың бірі Лувр сенбі, 14 қазанда қауіпсіздік мақсатында жабылатынын хабарлады. 

BFMTV арнасының дереккөздері мұражайға бомба туралы қоқан-лоққылар бар қоңыраулар түскенін, содан кейін полиция тергеуді бастағанын түсіндірді, деп хабарлайды Orda.kz порталы   dw сайтына сілтеме жасап.

Күндізгі уақытта барлық келушілер мен қызметкерлер мәдени мекемеден эвакуацияланды, деп түсіндіреді АР агенттігі. Оның айтуынша, әңгіме қоқан-лоққысы бар хат туралы болып отыр.

«Қауіпсіздік мақсатында Лувр есігін сенбі, 14 қазанда жабады. Сол күні келуге тапсырыс берген адамдардың ақшасын қайтарады. Түсіністік танытқандарыңызға рахмет айтамыз» деп хабарлады мұражай әлеуметтік желіде.

Осы уақытта Версаль сарайының әкімшілігі де бомба қаупі туралы хабарлама алды, деп жазады Le Figaro полицияға жақын адамдарға сілтеме жасап. Басылымның хабарлауынша, ғимараттан келушілер эвакуацияланып жатыр.

Айтпақшы, Францияда 13 қазанда Аррас лицейіндегі лаңкестік әрекеттен кейін үкімет шешімімен Vigipirate лаңкестікке қарсы әзірлік режимі «шабуылға төтенше дайындықтың» шекті деңгейіне көтерілді.

Француз қауіпсіздік күштерінің дайындығының мұндай деңгейі қосымша ресурстарды жұмылдыруға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді елдің ішкі істер министрлігінің басшысы Жеральд Дарманин. Оның айтуынша, енді «қоғамдық орындарды лаңкестік қаупінен қорғау мақсатындағы Sentinelle операциясына қатысатын әскери қызметкерлер арасынан тағы бірнеше мың адам полиция мен жандармерияға сауда орталықтарын бақылауға және тұрғындарды қорғауға көмектесу үшін жұмылдырылады. 

Еске салайық, тамыз айында Эйфель мұнарасына келушілер бомба бар деген хабарға байланысты эвакуацияланған болатын. Эйфель мұнарасын пайдалану қоғамы (SETE) журналистерге айтқандай, «жағдай сирек болса да, процедура әдеттегідей».

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар