Өзбекстанда той-жиынға көп қонақ шақыруға тыйым салынды
Фото: cultural.kz
Өзбекстан билігі үйлену тойлары мен отбасылық мерекелерге бақылауды күшейтті. Өзбекстандықтарға жерлеу рәсімін шамадан тыс асырып өткізуге, қымбат сыйлықтар беругкжәне мерекелерде ақша таратуға тыйым салынады, деп хабарлайды Orda.kz.
Өзбекстан үкіметі 2026-2030 жылдарды «Азық-түлік қауіпсіздігі кезеңі» деп жариялады. Билік адамдарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге бас қатырып, қоғамда «шамадан тыс ысырапшылдықтың» алдын алуға тырысып жатыр. Ысырапшылдықпен күресу үшін шенеуніктер үйлену тойларын, отбасылық мерекелерді, арнайы рәсімдерді қатаң бақылауға алды.
Енді Өзбекстандағы жаңа заңға сәйкес, үйлену тойлары мен отбасылық іс-шараларға 200 адамға дейін келе алады. Жаңа заң бойынша, ұлттық дәстүрлерге жат, тәлім-тәрбиеге қайшы келетін және қосымша шығындар мен уақытты қажет ететін рәсімдерге тыйым салынады.
Айта кетейік, Қырғызстанда мұндай ысырапшылдықтың алдын алу шаралары наурыз айында басталып кеткен. Қырғыз билігі құдалыққа, киітке, марқұмға ас беруге тыйым салған еді.
Жаңалықтар
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады