«Өтірік ауырды»: Ілияс Сариев пен әйелі істес болған әріптестерін де лақтырып кетті
Коллаж: Orda.kz
Ілияс Сариевпен бірге жұмыс істеген блогерлер Әмірбек Шәкіш пен Бақдәулет Құдайқұл шындықты жайып салды, деп хабарлайды Orda.kz.
Блогерлер журналист Руслан Өтепбайға сұхбат беріп, жағдайдың қалай болғанын баяндады. Айта кетейік, сәуірдің 10-ы күні «Елге көмек бер» қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариевті полиция ұстап әкеткен еді. Кейін ол 2 айға қамауға алынды. Бұған дейін Orda.kz Ілияс Сариевке алданғандар туралы мақала жариялаған болатын.
Осыдан 3 жыл бұрын Бақдәулет Құдайқұлға Ілияс өзі келіп, бір уақытта 10 отбасын үйлі қылу туралы ұсыныс айтып, көмек сұрайды. Блогер қуана келісіп, қайырымдылыққа бет бұрады. Бірақ жиналған қаражат туралы оған ешқандай есеп берілмеген. Руслан Өтепбайдың журналистік зерттеуі арқылы 10 отбасыға берілуі керек 10 шаңырақтың сатылып кеткені белгілі болды.
Блогерлердің айтуынша, Makkah & Medina travel қажылық компаниясының басшысы Ақтоты Дүйсеева «Елге көмек бер» қайырымдылық қорын құрушылардың бірі екен. Айта кетейік, Ілияс Сариев бір топ адамды қажылықтан қалдырған Makkah&Medina travel қажылық компаниясын жарнамалағаны үшін ұсталды.
Әрі Ақтоты Дүйсеева Ілияс Сариевтің әйелі болып шықты.
Екі блогер «Ілияс Сариев елді алдағандай, бізді де алдап кетті» деп отыр. Ілияс басында олардың әлеуметтік желідегі аудиториясына қызыққан. Солай оларды қайырымдылық жұмыстарына тартқан. Кейін өзі де көп оқырман жинап алған соң, блогерлерден алыстап кеткен. Ілияс Сариевтің өзі де ауырып, диагнозын таппай, емделу үшін елден жылу жинады. Ал Әмірбек Шәкіш оның ауырғанын жоққа шығарды.
Еске салайық, Ілияс Сариев ұсталғаннан кейін, оның бұрын сотталғаны белгілі болған еді.
Жаңалықтар
- Жыл басталғалы терроризмге қатысы бар 17 адам сотталып үлгерді
- Арнайы ХҚКО басшылығы жүргізуші куәлігі үшін пара алып, сотты болды
- Наурыздағы бата мен тілек: Дәстүрдің мәні неде?
- Қазақстанда несие беру талаптары жаңартылды
- Бұрынғы шенеунік Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады
- Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады
- АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін
- Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады