Отарда ажал құшқан сарбаз Дінмұхамед Шынарбекті жақындары ақтық сапарға шығарып салды

cover Фото: instagram/ Енлик Калтаев

Отарда ажал құшқан сарбаз Дінмұхамед Шынарбекті жақындары ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Orda.kz.

Әскерге кеткеніне небәрі 5 ай болған жігіттің өзіне қол салғанына туыстары сенбейміз дейді. Сөздерінше 19 жастағы жігітті тұншықтырып өлтірген. 

Дінмұхамедті ақтық сапарға шығарып салуға келгендер қарасы көп болды. Олардың арасында Қорғаныс министрлігінің өкілдері де бар. Қаралы отбасы дәл сол әскери мамандардың салғырттығынан өлім болды деп отыр. Бақылау болмағасын жігітке қастандық жасалғанына сенімді. Өйткені марқұм асылып тұрғанда екі қолы артқа байлаулы болған дейді. 

Айта кетейік, Дінмұхамед үйінің ең кенжесі болған. Өзінен бірнеше минут үлкен сыңары мен аға-әпкесі бар екен. Ата-анасы қарапайым сауда адамдары. Ең сұмдығы қаралы хабарды әскерден бірден анасына хабарлаған. Мең-зең күйде қалған анасы Бибінұр Қалтаева әлі де ес жия алмай отыр

Айта кетейік, 17 қыркүйек күні Алматы облысы Жамбыл ауданының Отар горнизонында 19 жастағы жас сарбаз өзіне-өзі қол салды. Мүрдесін көруге ата-анасы Алматы қаласына келді. Orda.kz тілшісі марқұмның ата-анасымен сөйлесіп, жағдайға қатысты пікірлерін білді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар