Отандық сериалдарда ойнаған актер мен футболшы қазақстандықтарға есірткі сатумен айналысқан

cover Фото: Видеодан кадр

Қазақстанның екі өңірінде есірткі сатумен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Елімізде бұрын мәдениет пен спорт саласында қызмет еткен Африкадан келген актер мен футболшы ұсталды.

Шымкентте есірткі тарату күдігімен Орталық Африка азаматы қолға түсті. Оның үйінен синтетикалық есірткі өнімдері табылды. Полицияның мәліметінше, ол тыйым салынған заттарды Telegram мессенджері арқылы сатқан. Ұсталған азаматтың Қазақстанға 2020 жылы табыс іздеп келгені және жергілікті футбол клубтарының бірінде ойыншы болғаны анықталды.

Сонымен қатар, Ақмола облысында 45 жастағы азамат ұсталды. Оны жеке тексеру кезінде 2 келі гашиш салынған жол сөмке табылды. Бұрын ол қылмыстық топтың жетекшісі болған және отандық сериалдардың бірінде ойнаған.

Күдіктілер қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске салсақ, бұған дейін ҰҚК қызметкері «Борат» интернет-дүкенінде есірткі жасырушы болып жұмыс істегені үшін ұсталған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар