Отандық әзілкеш Нұрдәулет Шертім бандиттерге көлігін не үшін берді?

cover

Жеке өмірін тілге тиек ете бермейтін Қазақстандық әзілкеш Нұрдәулет Шертім «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында ешкімге айтпаған сырымен бөлісті. Сөзінше, бандиттер күш көрсетіп, көлігін тартып алған.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Бағдарлама жүргізушісінің «Көлігіңізді бандиттер тартып алғаны рас па?!» - деген сұрағына былай деп жауап берді:

«Негізі мен бұл тақырыпты еш жерде айтпайтын едім. Ата-анам көрсе жүрегі ауырады. Дегенмен де қолқа салып, қоймай жатырсыз жауап берейін. Еркек болған соң қаншама қиыншылықтар болады. Бала-шағамның көзінше автокөлігімді бандиттер алып кеткені рас. Көлігімді алып кеткен бандитсымақ өзімнің араласып жүрген адамдарым болатын. Енді күндіз-түні сөйлеспесек те сәлеміміз түзу, жақсы сыйласып жүрген дос балам еді. Енді мені қараусыз жүрген жігіт қой деп пайдаланғысы келгендердің тірлігі ғой деп ойладым өзім. Солардың ойластырған, болмағанды болды деп оқиға құрастырған тірліктері ғой ашығын айтқанда, сонымен солай жазықсыз көліктен айырылғанмын», - деп жауап берді Нұрдаулет мырза.

Әртістің айтуынша, отбасын көшіріп алу үшін Алматыға келе жатқан кезде, әлгі досы оны той өткізіп береді деп ағасына айтқан болып шықты. Бірақ сөз жүзінде екеуара ондай келісім болмаған және Нұрдәулеттің өзі одан бейхабар болған. Тек оған өзінің Алматыға келе жатқанын ғана айтқан. Кейін әлгі досы «мені лақтырып кеттің» деп біренеше жігітті ертіп келіп бопсалаған.

«Жігітше төбелесуге де болар еді, мүмкін таяқ жер едім, мүмкін олар таяқ жейтін еді. Бірақ мәселе басқада. Мен ертеңінде Астанаға кетуім керек. Бейбітшілік және келісім сарайына жұмысқа тұрғанмын. Маңызды жұмыс. Енді ойлаңызшы, жұмысқа бірінші күні  көзім көгеріп отырсам не болады, ел не ойлайды», - деп қосты Нұрдәулет Шертім.

Желі оқырмандары ондай достардан бойды аулақ ұстаңыз деген пікір қалдырған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар