Отандық QazVac вакцинасын жасаушылардың жалақысы 300 мың теңге

cover

Биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтын қаржыландыру екі есеге өсті.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Брифинг барысында Білім министрлігі Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева ғылыми қызметкерлердің жалақысы көтерілетіндігін айтты.

– Ғалымдардың жалақысын көтеруге қаражат бөлінді. Институттың ғылыми қызметкерлерінің орташа жалақысы 325 000 теңгеден жоғары, әкімшілік және қызмет көрсетушілердің жалақысы 250 000 теңге болады. Институттың ғылыми зерттеулеріне 2,8 млрд теңге бөлінді, - деді ол.

Сонымен қатар, институт жанында 180 пәтерлі қызметкерлерге арналған үш үй салынуда. Бюджеттен ғалымдарға арналған жиһаз бен тұрмыстық техникаларға 293 млн теңге берілді.

Брифингте отандық QazVac вакцинасы клиникалық сынақтардың алғашқы екі кезеңінен сәтті өткендігі туралы айтылды. Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленовтің айтуынша, қазақстандық вакцина әлемде сынақтың үшінші сатысына шыққан 260-тың он төртінші өкілі болып табылады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар