Қостанайда әр адамға екі келіден артық картоп пен сәбіз сатылмайды

cover

Қостанай облысындағы дүкендер сәбіз бен картоптың сатылымына шектеу қойылды. Адам басына екі келі ғана беріледі.

Бұл туралы Orda.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап хабарлады.

Арзан бағамен алып, қосып сататын алып сатарлар көбейіп кеткендіктен дүкендерде шектеу қойылды. Онда нарықтағы баға бекітілген.

Бір келі картоп 260 теңге тұрса, сәбіз 550 теңгеден сатылып жатыр.

Ал әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатылатын супермаркеттерде баға одан да төмен. Сатып алушылар екі келіден артық ала алмайды.

– Қала әкімдігі тапшылықты тежеу мақсатында көкөніс өнімдерінің санын шектеу жайлы заңды өкімі жоқ, - деді Қостанай әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Илона Тимошенко.

Ал «Тобыл» супермаркет әкімшісі Ботагөз Көшембаеваның айтуынша, дүкенде әлеуметтік тауарлардың 16 түрі бар.

– Соңғы 6 айдағы талдау бойынша, біз картоп 200 теңгеден төмен болған кезде 5 ай бойы пайда таптық. Қазір керісінше айына 8 млн теңге жоғалтамыз. Біздің міндетіміз бойынша бір тоқсанда «Тобыл» ӘКК белгілеген бағаны ұстап отырмыз, - деді супермаркет әкімшісі.

Қазір аймақта 300 млн теңгелік 12 азық-түлік атауы бойынша қор бар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар