Қостанайда ер адам әйелімен ренжісіп, терезеден секіріп кетті (видео)

cover

Қостанайда ер адам әйелімен ренжісіп, үшінші қабаттан секіріп кетіп, аман қалды. Ер адамды бірден жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға жеткізді.

Бұл туралы Orda.kz Saqshy.info сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Белгілі болғандай, 1 шілде сағат 13:16-да полиция бөліміне «Юбилейный» шағын ауданында ер адам балконнан секірмекші болып тұр деген хабарлама келіп түсті.

Полиция қызметкерлері бірден оқиға орнына келді.

Куәгерлер барлығын видеоға түсіріп алған.

Астында құтқарушылар брезент ұстап тұрған. Полиция қызметкерлері бірінші ер адаммен сөйлесіп, артынша оны күштеп үйге кіргізбекші болған. Бірақ ер адам ештеңеге қарамастан секіріп кеткен. Өкінішке қарай, ол брезенттің шетіне түскен.

– Ер адам аман қалды. Дене жарақаты бар. Оны бірден жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізді, - деді полицейлер. 

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар