Өскемендегі түрмеде бағынбаған сотталушыларға қарауыл оқ атты
Фото: Vyatka-grad.ru
Өскемен колониясында белгісіз адамдар мекеме аумағына тыйым салынған заттары бар 9 түйіншек лақтырды. Бағынбаған сотталушыларға қарауыл оқ атты, деп хабарлайды Orda.kz.
Колония аумағына лақтырылған 9 түйіншектің жетеуі тұрғын аймаққа, біреуі техникалық жолға түсті, тағы бірі қоршауға ілініп қалған.
«Қоршауға ілініп қалған тыйым салынған затты алмақ болған төрт сотталушы айла жасап, іштегі тыйым салынған аймаққа кіріп кеткен. 6699 әскери бөлімінің қарауылдағы әскери қызметшісі дереу: «тоқта, кері қайт!» деген команда беріп, болған жайт туралы қарауыл бастықтарына баяндап, ескертуін қайталаған. Артынша «тоқта, қайт артқа, атамын!» деген ескерту айтқан. Колония қарауылының ескертуіне қарамастан, сотталушылардың бірі негізгі қоршауға өрмелеуге тырысты. Осы сәтте ережеге сәйкес әрекет еткен қарауыл ауаға ескерту оғын атты» деп жазылған өңірдегі түсіндірмеде.
Тәртіп бұзушылық дер кезінде тоқтатылды, қазіргі уақытта оған қатысы бар сотталғандар қатаң ұстау тәртібіне ауыстырылды.
Жаңалықтар
- 15 жастағы қазақстандық футболшы «Барселонамен» келісімшартқа қол қойды
- Александр Лукашенко Беларусь «соғысқа дайын» екенін айтты
- Трамп Иранды «тас дәуіріне қайтаратынын» мәлімдеді
- Трамп Иран билігі соғысты тоқтатуды өтінгенін мәлімдеді
- Қате диагноз қойылған ба? Шымкентте қайтыс болған әйелдің туыстары жанайқайын айтты
- Астанада бұрынғы әйелінің қыр соңынан қалмаған сталкер жазаланды
- Алматыдағы Республика алаңы не үшін қоршалғаны белгілі болды
- Тоқаев Сауд Арабиясымен ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға айрықша мән береді
- Бақытжан Базарбек: Үкімет тарифті өсірсе — халықтың қалтасы көтермейді
- Депутат мас жүргізушілерге рақымшылық жасауға қарсы шықты
- Дұшпандар құрлықтағы соғыста қып-қызыл шығынға ұшырайды — Иран СІМ
- Ұлттық банк төрағасы долларға қарағанда теңгеге көп сенім артатынын айтты
- «Мошенники» сериалының жұлдызы алаяқтықтың жаңа түрін айтып ескертті
- Ермұрат Бәпи: Өз әйелін хайуан ұқсатып, сыйға беру — қылмыс
- «Маған жала жабылды»: Актер Асқар Жұмабек мәлімдеме жасады
- Полиция растады: «Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікті психикалық емдеу мекемесінде жатыр»
- Алматыда АИТВ жұқтырған ер адам 13 жастағы қызды зорлағаны үшін өмір бойына сотталды
- Әділетхан Молдахан 10 күнге қамалды
- Мейіржан Байғонысов президент әкімшілігінің инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі болды
- Теріс діни топ өкілдерінің жеке балабақша ашуына тосқауыл қою керек — Абзал Құспан