Өскеменде полиция қызметкерін атып кеткен күдіктілер ұсталды

cover Фото: Polisia.kz

Өскеменде полиция қызметкерін атып кеткендер ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.

22 наурыз күні Өскемен қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде жасөспірім бала полиция қызметкеріне келіп көмек сұраған. Бала бейтаныс ер азаматтардың агрессивті мінез-құлық көрсеткенін айтқан. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің мәліметінше, баланың сөзінен кейін полицей оқиға орнына барған. Азаматтар оның айтқан сөзіне құлақ аспай, салдарынан екі мас тұрғын полиция қызметкеріне шабуыл жасаған.

«Оқиғадан кейін кінәлілер ізін суытқан, алайда көп ұзамай олар ұсталды. Олардан қару тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды» деп жазды ШҚО полиция  департаменті. 

Дереккөздердің айтуынша күдіктілер офицердің табельдік қаруын өзіне қолданған. Қалалық полиция басқармасы билік өкіліне қызметтік міндетін атқаруына кедергі кетріріп, бір топ адам жасаған өмірге қауіпті зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар