Ормуз бұғазы маңында шамамен 1000-нан астам кеме тұралап тұр

cover Фото: kk.wikipedia.org

Парсы шығанағын Үнді мұхитымен жалғайтын және әлемдік мұнай экспортының басым бөлігі өтетін Ормуз бұғазы маңында қазірдің өзінде шамамен 1000 сауда кемесі жиналып қалды, деп хабарлайды Orda.kz.      

 Бұл туралы BBC-ге Лондондағы сақтандыру компаниялары қауымдастығы — Lloyd’s Market Association (LMA) өкілі мәлімдеді.

LMA-ның теңіз және авиация бөлімінің басшысы Нил Робертстің айтуынша, осы мыңға жуық кеменің жартысы — мұнай мен сұйытылған газ тасымалдайтын танкерлер.

«Кемелердің көпшілігі, ең алдымен, кеме иелері мен операторларының кемелер мен экипаждың қауіпсіздігіне қатысты орынды алаңдаушылықтарына байланысты якорьде тұр» , — деп түсіндірді Робертс. 

Оның мәліметінше, жексенбіден бері Ормуз бұғазы арқылы шамамен 40 кеме өткен. Ал Kpler талдау компаниясының деректеріне сәйкес, соғыс салдарынан бұғаз арқылы қозғалыс тығыздығы шамамен 90%-ға төмендеген.

Иран ӘТК Ормуз бұғазын толығымен бақылауда, ол арқылы өтуге талпынған 10 мұнай танкерлері зымыранмен зақымданған. Бұл туралы ИҚДК ӘТК өкілі Мохаммад Акбарзаде мәлімдеді.

Бірнеше мың танкерлер мен құрғақ жүк кемелері Қызыл теңіз бен Парсы шығанағында Ормуз бұғазы арқылы өтетін уақытты күтіп тұр.

Кемелерді қадағалау қызметі MarineTraffic 1-наурызда Парсы шығанағының ашық айдынындағы Ормуз бұғазында кемінде 150 кеме қаңтарылып тұрғанын мәлімдеген еді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар