Орбан парламенттік сайлауда жеңілгенін ашық мойындады

cover Фото: Шетелдік БАҚ-тардан

Венгрияның премьер-министрі Орбан парламенттік сайлауда жеңілгенін ашық мойындады, деп хабарлайды Orda.kz.      

«Сайлау нәтижелері ауыр, бірақ айқын. Мен жеңіске жеткен партияны құттықтадым. Әзірге бұл нәтижелер еліміз бен ұлтымыздың тағдыры үшін нені білдіретінін білмейміз, оны уақыт көрсетеді. Бірақ біз оппозицияда болсақ та, елімізге қызмет етуді жалғастырамыз», – деді Венгрия премьер-министрі жақтастары алдында сөйлеген сөзінде. 

Жеңіске жеткен Tisza партиясының көшбасшысы Мадьяр Орбанның өзін телефон арқылы жеңісімен құттықтағанын хабарлады.

Еске салсақ,  2024 жылы ақпанда Венгрия президенті Каталин Новак педофилия дауына байланысты отставкаға кеткен болатын.  Президент бұл мәлімдемені педофилия ісіне қатысы бар ер адамға кешірім жасау туралы шешіміне қатысты сынға ұшырағаннан кейін жасады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар