Ораза кестесі 2026: қай уақытта ауыз бекітіп, қай уақытта ауыз ашамыз?

cover Фото: Pixabay

ҚМДБ 2026 жылғы ораза кестесін жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.

Астана мен Алматы қаласы

Рамазан кестесін елордамыздан бастасақ, Астана қаласында сәресі 05:49 ал ауызашар уақыты 17:42-де.

Еліміздің оңтүстік астанасында сәресі 05:26-дa болса, ауызашар уақыты 17:31-дe.

Оңтүстік аймақтар

Оңтүстік аймақтағы мегаполис қатарына кіретін – шырайлы Шымкент қаласында сәресі 05:55-тe болса, ауызашар уақыты 18:02-де.

Қызылорда қаласында 06:12-дe ауыз бекітсе, 18:14-те ауыз ашады.

Тараз қаласында сәресі 05:48-де, ал ауызашар уақыты 17:54-те.

Тарихы терең Түркістанда 06:01-де ауыз бекітсе, ауызашар уақыты 18:06-да.

Ал Жетісу облысы Талдықорған қаласында сәресі 05:04-те болса, ауызашар уақыты 17:37-де.

Алматы облысы Қонаев қаласында 05:25-те сәресі, ал 17:30-да ауызашар.

Солтүстік аймақтар

Павлодар қаласында сәресі 05:26-да, ал ауызашар уақыты 17:18-де.

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында 05:57-де сәресі болса, 17:43-те ауызашар уақыты.

Ақмола облысының Көшетау қаласында 05:57-де сәресі, ал 17:46-те ауызашар.

Қостанай қаласында 06:20-да сәресі болса, 18:09-да ауызашар.

Батыс аймақтар

Ал еліміздің батыс аймағындағы Ақтөбеде 06:46-да сәресі, ал 18:41-де ауызашар уақыты.

Атырау қаласының тұрғындары 07:07-де сәресін ішсе, 19:05-те ауызашар.

Маңғаз Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласында 07:09-да сәресі, ал 19:14-те ауызашар.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында 07:09-да сәресі, 19:02-де ауызашар.

Шығыс аймақтар

Абай облысы Семей қаласының тұрғындары 05:13-те сәресін ішсе, 17:08-де ауыз ашады.

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында 05:04-те сәресі, ал 16:59-да ауызашар уақыты.

Орталық аймақтар

Қарағанды қаласында 05:42-де сәресі, 17:38-те ауызашар.

Ұлытау облысы Жезқазған қаласында 06:03-те сәресі болса, 18:01-де ауызашар.







Жаңалықтар

барлық жаңалықтар