Оралдағы тұрғын үйде жарылыс болды

cover Фото: Бейнеден кадр

12 желтоқсан күні Орал қаласында Циолковский көшесінде орналасқан бесқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шығып, артынан жарылыс болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, алдымен пәтерден қою түтін шығып, артынша жарылыс болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер пәтер ішінде жиһаз бен жеке заттар жанып жатқанын көрген. Жарылыс салдарынан терезе жақтауы мен балконның қабырғасы ұшып кеткен.

Тұрғындар мен өрт сөндірушілер арасында зардап шеккендер жоқ. Сонымен қатар, өртке оранған пәтер ішінде ешкім тұрмаған екен. Өрт толық сөндіріліп, оқиғаның себебі анықталып жатыр. 

Айта кетейік, Шымкентте бір ер адам туған қызын 4 жыл бойы зорлап келген деген күдікпен қамалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар