Оралда алты жасар қызды зорлаған педофил босатылды

cover

Оралда алты жасар қызды зорлады деп танылған күдікті ер адам кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Бұл туралы Orda.kz Уральская неделя газетіне сілтеме жасап хабарлады.

Зардап шеккен қыздың анасының айтуынша, балалар аулада ойнап жүрген. Қызы да балалармен бірге жүрген. Кешке қарай ол шап аймағындағы ауырсынуға шағымдана бастады.

Қыздың айтуынша, олардың көршісі оған балмұздақ алып беремін деп, үйіне алып кеткен.

– Ол маған қатты ауырсынғанын айтты. Айқайлаған кезде ағай «қазір ұрамын» деп қорқытқан. Біз полиция шақырдық, олар оны алып кетті. Келесі күні ол босатылды. Неге оны жібере салғанын білмейміз. Қазір ол бостандықта. Мен қызым үшін қорқамын. Ол мен одан қорқамын деп сыртқа шықпайды. Көршілерімізде, бәрімізде кішкентай балалар бар. Қазір олардың ата-аналары да қорқып, балаларын көшеге шығармай отыр, - деді қыздың анасы.

Әйел полициядан күдіктіні қамауға алуды талап етеді.

Жәбірленушінің адвокаты құқық қорғау органдары ер адамды неге қамауға алмағанын түсінбей отыр.

– Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер ауыр қылмыс болып табылады, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы. Тәжірибе көрсеткендей, барлық аймақтарда мұндай қылмыс болған кезде күдіктіні қамауға алады. Ал міне, біз басқа көрініске куәгер болып отырмыз, - деп адвокат Жомарт Ерназаров таңғалды.

Полиция департаменті бұл факт бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалғанын хабарлады, бірақ тергеу мүддесі үшін қалған мәліметтер айтылмады.

– Шындығында, Қылмыстық кодексінің 124-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатпен босатылды. Тергеу барысында барлық мән-жайлар анықталады, - деп жауап берді баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар