Орал тұрғыны учаскесіне ескерткіш орнатқан әкімдікті сотқа берді

cover Фото: Мой город

Орал қаласының тұрғыны Николай Винк жауынгерлерге арналып орнатылған ескерткішті заңсыз деп тануды және оны бұзуды талап етіп, сотқа жүгінді, деп хабарлайды Orda.kz.

Мой город басылымының мәліметінше, әкімдік бұл аумақты мемлекеттік қажеттілік үшін алып қою туралы қаулы шығарған.

Заңгер Гүлжан Бегеева: «Николай Винк жер телімінің иесі ретінде оны иелену, пайдалану және билік ету құқықтарына ие. Бұл құқықтар заңда белгіленген тәртіппен тіркеліп, тиісті құжаттармен расталған» деді.

Осыған байланысты Николай Винк қала әкімін сотқа беріп, «Интернационалист жауынгерлерге мәңгілік естелік» мемориалын орнату әрекеттерін заңсыз деп тануды, әкімдіктен құқық бұзушылықты жоюды және ескерткішті бұзуды талап етті.

Еске салайық, бұған дейін Шерзат Полаттың ісін қарауға БАҚ өкілдері кіргізбеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар