Орал қаласының тұрғыны су басқан үйінде қалған

cover Фото: Ашық дереккөзден

Су тасқыны кезінде Орал тұрғыны үйінде қалып қойған, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Оралдағы саяжай тұрғынын аман алып қалды. Алайда бір тұрғын эвакуациялаудан бас тартқан, бірақ су көп келе бастады. Соның салдарынан тұрғын су басқан үйінде бірнеше күн тұруға мәжбүр болды.

Қазір ер адам қауіпсіз жерге жеткізілді.

«Батыс Қазақстан полиция департаментінің басшылығы өз мүлкінің қауіпсіздігіне алаңдап отырған саяжай тұрғындарымен кездесу өткізуде. Қазіргі уақытта су басқан саяжай үйлерін полиция және Төтенше жағдайлармен келісе отырып, дрон арқылы көруге болады. Тұрғындар қайықпен жүзіп барып, үйлерін тексере алады» делінген Батыс Қазақстан полиция департаментінің хабарламасында. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар