«Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы басшысына түрмеде тым қолайлы жағдай жасалған

cover Фото: Midjourney нейрожүйесінен

Өскемен қаласының №2 соты Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасы басшысының орынбасарын жазаны өтеуге тым қолайлы жағдай жасағаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Orda.kz порталы Анткор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жауапты қызметкер сотталған «Оператор РОП» ЖШС бұрынғы басшысы М.Құмарғалиевқа жазасын өтеу үшін жайлылық пен жеңілдіктер жасау арқылы қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

«Сот үкімімен Зиянов өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан және «әділет подполковнигі» арнайы атағынан айрылып, бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді» деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. 


Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар