Оңтүстік Кореяның экс-президентіне өлім жазасы төніп тұр
Фото: Оңтүстік Корея президентінің баспасөз қызметі
Оңтүстік Корея прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ёльге өлім жазасын тағайындауды талап етті. Бұл — бүлік ұйымдастырғаны үшін көзделген ең ауыр жаза. Бұл туралы Orda.kz «Рёнхап» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Айыптау қорытындысында президенттің 2024 жылғы 3 желтоқсанда соғыс, қарулы қақтығыс немесе ұлттық дағдарыс белгілері болмағанына қарамастан, әскери жағдай енгізу арқылы бүлікке арандату мақсатында Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хёнмен және өзге де тұлғалармен сөз байласқаны айтылған.
Юн Сок Ёль бұған дейін әскери жағдай енгізуді үкімет жұмысына тұсау салды деп өзі сипаттаған «мемлекетке қарсы» оппозициядан елді қорғау қажеттілігімен түсіндірген еді.
Алайда бірнеше сағаттан кейін әскери жағдайдың күші жойылды. Кейін парламент екінші талпынысында президентке импичмент жариялағанымен, оны қызметінен түпкілікті түрде тек Конституциялық сот қана шеттете алды.
Юн Сок Ёль өзіне тағылған бүлік ұйымдастыру айыбын мойындаған жоқ. Оның жұбайы да қамауға алынған.
Бұл іс бойынша соттың түпкілікті үкімі ақпан айының басында шығарылады деп күтілуде.
Еске салсақ, былтырғы тамыз айында бұрынғы бірінші ханымға парақорлық және акциялар арқылы алаяқтық жасады деген айыптар тағылып ұсталды. Yonhap агенттігінің мәліметінше Сеул соты арнайы прокурордың өтініші бойынша оны қамауға алу туралы ордер берді.
Тақырыпқа сай қосымша ақпарат:
- Оңтүстік Корея президенті қызметінен біржола шеттетілді
- Оңтүстік Кореяның жаңа президенті кім болады?
- Оңтүстік Корея әскери төтенше жағдай жариялады
- Оңтүстік Корея президенті өлім жазасына кесілуі мүмкін
Жаңалықтар
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады