Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды

cover Фото: Pixabay

30 қаңтар күні Оңтүстік Кореядағы Солтүстік Чхунчхон провинциясындағы ылғалды майлықтар мен жөргектер шығаратын зауытта өрт шықты. Онда екі адам қаза тапты, оның бірі Қазақстан азаматы болып шықты, деп хабарлайды Orda.kz.

Бүгін ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев оның сүйегі табылғанын хабарлады.

«Қалдықтар табылып, сараптамаға жіберілді. Бүгінгі таңда сараптама қорытындысын әлі алған жоқпыз. Корей тарапынан ақпарат берілісімен оның туыстары белгілі болады», – деді ол Астанада өткен брифингте. 

Жұмыскердің жасы 50-дегі ер адам екені анықталды.

Оқи отырыңыздар:

 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар