Оңтүстік Кореяда ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 176-ға жетті
Фото: Yonhap агенттігі
Оңтүстік Кореяның Муан халықаралық әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, қаза тапқандар саны 176-ға жетті. Бұл туралы ұлттық өртке қарсы қызметке сілтеме жасап Оңтүстік Кореяның Yonhap агенттігі хабарлады, деп мәлімдейді Orda.kz.
«Jeju Air ұшағы апаты салдарынан қаза тапқандар саны 176 адамға жетті... 18:10 (Астана уақытымен 14.10) жағдай бойынша» делінген хабарламада.
29 желтоқсанда Бангкоктан Оңтүстік Кореяның Муан қаласына ұшқан Jeju Air Boeing 737-800 ұшағы Муан әуежайына қону кезінде апатқа ұшырады. Ұшақ апаты жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9:07-де болған. Ұшақ ұшу-қону жолағынан асып түсіп, қоршауға соғылып, өрт шықты.
Бортта 181 адам болған. Олардың екеуі аман қалды - олар ұшақ экипажы мүшелері болып шықты, бір әйел және бір ер адам. Олар орташа және ауыр жарақат алып, ауруханаларға жеткізілді. Жергілікті биліктің алдын ала мәліметі бойынша, ұшақтағы жолаушылар арасында қазақстандықтар болмады.
Жаңалықтар
- Франция президенті Эммануэль Макрон Тоқаевқа бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты
- Қырғызстанда Тәшиевтің ұлы полицияға жеткізілді
- Пәкістан премьер-министрі: Референдум мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды
- Парамен сотталған Хаменованың түрме жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылды
- БҚО-да кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген шенеунік қайтыс болды
- Айт намазының кестесі 2026: Ораза айт намазы әр өңірде қай уақытта оқылады?
- Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы қаза тапты
- Көктемгі әскерге шақыру басталды: 21 мыңнан астам азамат сарбаз атануға міндетті
- Нұрлан Сабуровтың әйелі Ресейдегі бизнесін жапты
- Тоқаев: «Тағдыршешті сәтке куә болдық»
- Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыруға қатысты Жарлыққа қол қойды
- Қазақстанда тек шетелдіктерге арналған жаңа казинолар ашылады
- Несие алу қиындайды:Ұлттық банк қосымша шектеулер енгізеді
- Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектеп «Домбыра – дастан» атты ауқымды онлайн концерт ұйымдастырды
- 36 күдікті ұстау изоляторында: Сталкинг бойынша сотқа 51 іс жолданды
- Кубадағы толық блэкаут: Энергетикалық дағдарыс, Трамп қысымы және көшедегі наразылық
- Рахат Тұрлыханов қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін
- Ауғанстан–Пәкістан соғысы: Кабулдағы ауруханаға соққы жасалды — 400 адам қаза тапты, тағы 250 жарақат алды
- Есірткі өндіруді әкесі үйреткен: Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ашқан
- Қаражатын инвестициялауға үгіттеген: Желі арқылы жұртты алдаған алаяқ Ресейден экстрадицияланды