Оңай жолмен баспаналы боламыз деген алматылықтар сан соғып қалды

cover Фото: freepik.com

Алматыда алаяқтық әрекет жасаған 41 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Әйелдің үстінен полицияға 10 арыз түскен. Жәбірленушілердің мәліметінше, әйел мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алуға көмек көрсетемін деп, сондай-ақ жоғары оқу орындарына грантқа түсуге жәрдемдесемін деп уәде берген.

Оның қызметінің құны жүздеген мың теңгеге бағаланған. Алайда, күдікті уәдесін орындамаған. Алматы қаласының ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. 

Қылмыстық іс алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар