Олимпиаданың ашылу салтанатының видеосы өшірілді

cover Фото: olympic.kz

Дүние жүзіндегі қарсылықтан кейін Халықаралық Олимпиада комитеті YouTube арнасынан 2024 жылы Париждегі Олимпиаданың ашылу салтанатының видеосын алып тастады.

Олимпиаданың ашылу салтанаты дүние жүзіндегі қайраткерлердің сынына ұшырады. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Парижде көрсетілген оқиғаларды «жиіркенішті» деп атады.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің қызметкері Мария Захарова ашылуды «Сена түбі», ал ондағы көрсетілімдерді «ЛГБТ-ны мазақ ету» деп сипаттады.

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон «Соңғы кешкі астағы келемежге» ренжіп, «христиандық сенім мен дәстүрлі құндылықтарға қарсы соғыс» деп жариялады. Итальяндық журналист Анджело Джулиано Ресейден баспана сұрады, себебі ол «шұбар шоуға» қатысқысы келмеді.

Сондай-ақ Олимпиаданың ашылуында көгілдір түске боялған ер адам үстел үстінде би билеп, сақалды әйел ән шырқады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар