Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбайды әскери қызметкерлерге шабуыл жасады деп айыптап жатыр
Фото: tou.edu.kz
Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, еркін күрес балуаны Дәулет Шабанбайға билік өкілдеріне шабуыл жасады деген айып тағылды. Іс қазір сотқа жолданды, деп хабарлайды Orda.kz.
Іс материалдарына сәйкес, спортшыға қатысты іс 12 қарашада басталып, алғашқы сот отырысы 1 желтоқсанда өтті. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы бойынша (билік өкілдеріне қатысты күш қолдану, екі немесе одан да көп адамға) сотталуда. Жаза мерзімі — үш жылдан жеті жылға дейін бостандықты шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру.
«Сот шешімімен Дәулет Шабанбай Еркінұлын Павлодар облысының қалалық ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотына 2025 жылғы 9 желтоқсанда сағат 15:00-де қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде қатысу үшін тапсыру туралы шешім қабылданды», деп хабарлайды сот кабинеті.
Павлодар облысының полиция департаментінің тілшілерге берген мәліметіне сәйкес, спортшыны әскерилерге шабуыл жасағаны үшін айыптап отыр.
Дәулет Шабанбай — Қазақстанның еркін күрес шебері. 2012 жылы Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды. 2016 жылы Азия чемпионатында күміс медаль еншіледі. Сондай-ақ, ол 96 келі және 125 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионатында төрт рет қола медаль алған.
Жаңалықтар
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп