Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбай 3 жылға сотталды

cover Фото: әлеуметтік желіден

Павлодар қаласында еркін күрестен танымал қазақстандық балуан, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбай 3 жылға сотталды. Спортшы Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінен құралған патрульге шабуыл жасағаны үшін қамалды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Балуан қылмыстық кодекстің 380-бабының 4-бөлігі 1-тармағы, яғни билік өкіліне қатысты, екі немесе одан да көп адамға күш қолданды деген күлікпен ұсталған еді.

«Биыл қыркүйекте Ұлттық ұланның үш әскери қызметкері кешкі сағат тоғыз шамасында дәмхана маңында Дәулет Шабанбайды тоқтатқан. Оларға «мас спортшы шу шығарып, тәртіпсіздік жасады» деген шағым түскен. Патруль қызметкерлерінің сұрақтары мен ескертуіне балағат сөздермен жауап беріп, біреуін итеріп, наряд бастығын иығынан қағып, бетінен соққан, үшіншісінің көзіне соққы тиген. Көмекке келген қосымша патрульдер ер адамды ұстап, қолына кісен таққан», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайды кінәлі деп тапты. 

Айта кетейік, 14 желтоқсан күні Астанада жұмысшы биіктен құлап мерт болды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар