Олигархтардан қайтарылған активтерден «Отбасы банкке» 50 млрд теңге бөлінбейтін болды
Фото: Яндекс
Үкімет олигархтардан қайтарылған активтерден «Отбасы банкке» 50 млрд теңге бөлуден бас тартты, деп хабарлайды Orda.kz.
«Мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектордың қолданыстағы бюджеттік бағдарламалары бойынша, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, даму қаржы институттарына, екінші деңгейдегі банктерге және микроқаржы ұйымдарына бюджеттік кредиттер бөлуге арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен шығыстар қаржыландырылмайды», – деп мәлімдеді бірінші вице-премьер Роман Скляр мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере отырып.
Осыған байланысты «Отбасы банк» АҚ-ға қор қаражаты есебінен қосымша қаржыландыру бөлу мүмкін болмай қалды.
Сонымен бірге, оның айтуынша, 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында халықты қолдаудың негізгі шараларының бірі болып саналатын – белгілі санаттағы азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген ипотекалық қарыз беру. Мұндай бағдарламалар қатарына «2-10-20» (жылдық 2%, бастапқы жарна 10%, мерзімі 20 жыл) және «5-10-20» (жылдық 5%, бастапқы жарна 10%, мерзімі 20 жыл) кіреді.
«Биылғы жылы 3400 қарыз беру үшін 40,6 млрд теңге қарастырылған, бүгінгі күні 2461 қарыз берілді, жалпы сомасы 29,6 млрд теңге (2% – 13,5 млрд теңге 1086 қарызға, 5% – 16,1 млрд теңге 1375 қарызға)», – деп нақтылады бірінші вице-премьер.
Оның айтуынша, 2020–2025 жылдар аралығында аталған бағдарламаларды қаржыландыру үшін мемлекет 490,6 млрд теңге бөлген, оның ішінде республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер ретінде 300,6 млрд теңге, Ұлттық банктің облигациялық қарызы есебінен 190 млрд теңге бөлінген.
«Осы кезеңде жалпы 730,9 млрд теңгеге 67 603 қарыз берілді (2% – 218,3 млрд теңге 18 953 қарызға, 5% – 512,6 млрд теңге 48 650 қарызға). 2024 жылғы қаржыландыру 2023 жылдың қалдық қаражаты мен қайтарылған қаражат есебінен жүзеге асырылды – 81,3 млрд теңге, бастапқыда 6884 қарыз беру жоспарланған болатын (2% – 55,3 млрд теңге 4683 қарызға, 5% – 26 млрд теңге 2201 қарызға), нақты 9004 қарыз берілді, жалпы сомасы 108,1 млрд теңге (2% – 48,5 млрд теңге 3859 қарызға, 5% – 59,6 млрд теңге 5145 қарызға). Жалпы алғанда, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында», – деді Скляр
Бұған дейін мәжілісмендер Қазақстандағы әлеуметтік осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін көтеріп, активтерді қайтару комитеті арқылы қайтарылған қаражаттан «Отбасы банкке» 50 млрд теңге бөлуді ұсынған болатын.
Жаңалықтар
- Айзаттың азапты өлімі мен ақырғы демі: Талдықорғанда резонансты сотқа нүкте қойылды
- ШҚО-да дәл Рождество күні бірнеше адамның өлімі тіркелген
- Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды
- Атырау облысындағы қанды қылмыс: Ата-енесін өлтірді деген күдікке ілінген ер адамның анасы ұлын жақтап шықты
- Шымкенттегі сарбаздың қазасы: Істі Бас әскери прокуратура өз бақылауына алды
- Талдықорғанда Айзат Жұманованы аяусыз өлтірген күйеуі 14 жылға сотталды
- Сот Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласының банкрот деп тану жөніндегі өтінішін қайта қарайды
- Солтүстік Қазақстанда жол апатынан төрт адам қаза тапты
- Атырау облысындағы жұмбақ өлім: Бүтін бір отбасын жайратып салған күдікті «Самурай» кім?
- «Адамзатты жаңа деңгейге жетелеу»: Назарбаевтың немересі өзін тәлімгер ретінде жариялап, рухани жоба бастады
- Полиция жоғалып кеткен отбасының ісі бойынша атыраулық «хакерді» іздестіруде
- Жүргізуші куәлігінсіз мас болып көлік тізгіндеген елордалық судья айыппұлмен құтылды
- Жамбыл облысында мерзімді қызметкердің жарақаттануына қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Елімізде 2026 жылы тұрғын үй бағасы қалай құбылды
- Атыраудағы қанды қылмыс: Полиция «жоғалған» күйеу баланы ресми түрде іздеуге кірісті
- «Техникалық ақау»: Air Astana ұшағы мәжбүрлі түрде Бейжіңге қонды
- АҚШ 66 халықаралық ұйымнан шығуға ниетті
- Актер Мұрат Бисембин қайтыс болды
- Прокурор Айзат Жұманованы өлтірген күйеуін 15 жылға соттауды сұрады
- ҰҚК: Былтыр сыбайлас жемқорлық бойынша мыңнан астам қылмыстық іс қозғалды