Нұрғиса Тілендиевтің жүз жылдық мерейтойына арналған мурал ашылды

cover Фото: Алматы облысы әкімдігінің бейнежазбасынан

Алматы облысына қарасты Қарадала төсіндегі Шонжы ауылында қазақтың атақты композиторы, дирижері және домбырашы бейнеленген арт-нысан пайда болды, деп хабарлайды Orda.kz Алматы облысы әкімдігіне сілтеме жасап.


Қазақтың  біртуар өнер қайраткерінің бейнесі көпқабатты үйдің қасбетіне салынған. 

«Бұл туынды Нұрғиса Тілендиевтің ұлттық өнерге қосқан зор үлесіне деген құрмет белгісі ретінде жасалды» делінген ведомство хабарламасында.



Нұрғиса Тілендиев – қазақ музыкасында жарқын із қалдырған айтулы күйші. Ол «Аққу», «Махамбет», «Қыз Жібек» сияқты аты аңызға айналған шығармаларды халық мұрасы ретінде қалдырды. «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаушы ретінде еліміздің бай музыка мәдениетін әлемге танытты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар