Норвегия, Испания және Ирландия Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындады

cover Фото: pixabay

Үш елдің үкіметтері Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындағанын жариялады.

Сәрсенбі, 22 мамырда Норвегия, Испания және Ирландияның премьер-министрлері тиісті мәлімдеме жасады.

Норвегия үкіметінің басшысы Йонас Гара Сторе «Таяу Шығыстағы бейбітшілік тәуелсіздік танылмайынша мүмкін емес» деді. Скандинавия елінің Палестина мемлекетінің тәуелсіздігі туралы шешімі 28 мамырда бекітілетінін атап өтті.
Бүгінге дейін БҰҰ-ның 193 елінің 145-і Палестинаның тәуелсіздігін мойындады.

Сонымен қатар, Израиль сыртқы істер министрі Израиль Кац Палестина мемлекетін тану шешіміне байланысты бұл елдердің елшілерін кеңесу үшін дереу шақыртып алуды бұйырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар